Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп ұжымы

Автор: admin от 11-02-2017, 00:32, посмотрело: 1179

0

Категория: галерея

 

Мектеп ұжымы

Автор: admin от 11-02-2017, 00:31, посмотрело: 590

0

Категория: галерея

 

Мектеп ұжымы

Автор: admin от 11-02-2017, 00:31, посмотрело: 668

0

Категория: галерея

 
 

Мекен – жайымыз

Автор: admin от 21-05-2016, 00:49, посмотрело: 947

0

Мекен – жайымыз

ОҚО. Мақтарал ауданы, Мақталы а/ә  Чехов елді мекені 

Категория: Мекен жайымыз

 
 

БАЛА ОҚУЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЕМЕС, АЛҒАН БІЛІМІНІҢ САПАСЫ МАҢЫЗДЫ

Автор: admin от 21-05-2016, 00:43, посмотрело: 879

0


•         Жай оқып шығу ғана  емес, сөйлеуді қоса дамыту керек. Жазу жазғанда қол қимылдарының дамуына назар аудару керек.

•          Баланың толыққанды дамуы үшін ересектермен дамыту ойындарын ойнау, кітап оқуды тыңдату, сурет салғызу т.б пайдалы

ОҚУҒА ДАЙЫН ЕМЕС : СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ «ПОРТРЕТІ»

•         ШЕКТЕН ТЫС ОЙЫНШЫЛДЫҚ;

•         ӨЗ БЕТІНШЕ ҚИМЫЛДАМАУ;

•         ҮЛКЕНДЕРГЕ БАҒЫНБАУ , ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК;

•         СЫНЫПТАСТАРЫМЕН СӨЙЛЕСЕ АЛМАУ;

•         ҮЛКЕНДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ТҮСУ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ;

•         ТАПСЫРМАЛАРҒА ЗЕЙІНДІ ШОҒЫРЛАНДЫРА АЛМАУ;

•         АЙНАЛАСЫ ТУРАЛЫ АЗ БІЛУ,ЖАЛПЫЛАЙ АЛМАУ, ЖІКТЕЙ АЛМАУ, АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРДЫ ТАБА АЛМАУ;

•         ҚОЛ ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ ӘЛСІЗ ДАМУЫ;

•         ЫРЫҚТЫ ЕСТЕ САҚТАУЫНЫҢ ДАМЫМАУЫ;

•         СӨЗДІК ҚОРДЫҢ АЗ БОЛУЫ.

 

ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ: Сіздің сүйіспеншілігіңіз бен шыдамдылығыңыз баланың оқуда алға ілгерілеуінің кепілі.

Бірге  тәрбиелейік

1 сынып ата-аналарымен жұмыс

«Мектепке дайын болу – оқи алу, санау, жаза білу емес .

Мектепке дайын болу – осылардың барлығын үйрене білуге дайын болу.

Венгер Л. А.

 

Бірінші ереже: бірге бөлісу арқылы, барлығымыз бірге,  біз барлық қиындықтарды жеңеміз.

Екінші ереже: ешқашан өз балаңызды басқалармен салыстырмаңыз.

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> http://usshv2.idhost.kz/attachments/Image/f1fdd1a4932f.jpg <!-- [endif] -->

Бірінші өсиет: Отбасындағы дүниеге келген әр бала әрқашан қалаған, тілеп алған болу керек.

Екінші өсиет: Кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдырмау керек.

Үшінші  өсиет: баланы айналасындағылармен тіл табыса білуге үйрету керек.

Төртінші  өсиет: балаға қайырымдылық пен зұлымдықты, адамдардың шынайы ниетін  тани білуге  үйрету керек.

Бесінші өсиет: балаға өз бетінше ар-намыспен , мақтанышпен, өмірге қауіпсіз жолмен  өмірлік ситуациялардан шыға білуге үйрету керек.


"Екі бақа” туралы аңыз:

       Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қақтығыспай өліп қалады. Ал екіншісі,  шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, қақтығысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. секіре береді. Бірақ, аяғында қаймақ, әлгі бақаның секіргенінен, қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді.

 

Баладан ата-аналарға жаднама

       Маған тиісе бермеңіздер және маған ұрыспаңыздар. Егер сіздер олай етсеңіздер,  онда мен естімеген қалып танытып, қорғануыма тура келеді.

       Ешқашан сіздер мүлдем кінәсіз екендеріңізді , барлық жетістіктерге жеткендеріңізді айтпаңыздар да, ауыздарыңызға да алмаңыздар. Бұл  сіздермен өзімді салыстыруда ыңғайсыз тудырады.

       Менімен қатал болуға қорықпаңыздар. Мен дәл осындай подходты қалаймын. Бұл менің өз орнымды анықтауыма көмектеседі.

       МЕН үшін ешқашан жасамаңыздар.

       Мені өзімді кішкентай сезінуіме жол бермеңіздер. Мен әйтпесе «жылауық»,   «қыңыр» болып ұтылам.

      Менің әділдігімді қатты сынға ала бермеңіздер. Үміттеріңізді ақтай алмаймын ба деп қорқып,  оңай өтірікшіге айналуым мүмкін.

      Өздеріңіз орындай алмайтын уәдені бермеңіздер – бұл сіздерге деген сеніміме нұқсан келтіреді.

      Менің қорқыныштарым және қауіптенулерім сіздерде алаңдаушылық туғызбасын. Әйтпесе мен одан сайын қорқатын боламын. Нағыз ЕРЛІКТІҢ қандай болатынын көрсетіңіздер.

     Есте ұстаңыз! Бала – біздің өміріміздің ең үлкен құндылығы. Оны түсінуге, оны тани білуге, оны сыйлай білуге тырысыңыз. Оның күнделікті мінез-құлық сызығында тәрбиелеудің ең тиімді тәсілдерін ұстаныңыз. 

Категория: Ата - аналарга

 

Кеңестер Ата - аналар үшін "Баланың оқу іс - әрекетіне көмек"

Автор: admin от 21-05-2016, 00:41, посмотрело: 1004

0


 1. Баланың сабағын жеңілдететін  жағдай жасауға тырысыңыз,    тұрмыстық – жақсы
тамақтану, тұрақты  режим, толыққанды ұйқы, жайлы тұрмыстық жағдай, сабақ оқуға жайлы және ыңғайлы орын; эмоционалдық – баланың мүмкіндігіне сенімділік артыңыз, табысты орындауынан үміт күтіңіз, кішкене жетістігі болса да, қуанышыңызды білдіріңіз, баланың оқуына төзімділік, мейірімділік танытыңыз, бала үлгермей жатсақатты сөйлемеңіз; мәдени – балаңызды анықтамалармен, сөздіктермен, атластармен, бейнетаспалармен, мектептің оқу бағдарламасына сәйкес кітапшалармен қамтамасыз етіңіз.

2. Өз балаңызды тыңдаңыз: ол жаттауға, есте сақтауға берген тапсырманы айтып шықсын, жазуға берген мәтінді бөліп-бөліп, асықпай оқыңыз, оқулықтағы сұрақтар бойынша сұраңыз т.с.с.

3. Өзіңіздің бала кезіңіздегі жетістіктеріңіз туралы айтып, білімдеріңізбен бөлісіңіз.

4. Ата-ананың назарында баланың бағасы ғана емес, білім болу керектігін есте ұстаңыз. Сондықтан да баланың болашағы туралы ойлап, алған білімінің қай кезде, не үшін  қажеттілігін түсіндіріңіз. Баланың оқуға белсенділігін тудыратын отбасылық дәстүрлер мен әдеттер құрыңыз,

5. Баланың бос уақытын құр қалдырмай, оны мазмұнды әрі, пайдалы етіп өткізуге көмектесіңіз.

6. Балаңызды оқу үлгеріміне қарамай, жақсы көретініңізді сездіріңіз.

7. Балаңызды жан-жақты бақылау үшін және мүмкін көмектер көрсету үшін әрдайым балаңыздың қатысатын үйірмелерінің, факультативтерінің, қосымша сабақтарының, сабақ кестесімен танысыңыз.

Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?

•          Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - сабақта мұңаюлы құбыжық.

•          Мектеп туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.

•          Бала  тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына  сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.

•          Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.

•          Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс. 

•          Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала сізбен  қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны  барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.

•          Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің өміріңіздің  маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.

•          Мектепте сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.

•          Кейде бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.

•          Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.

•          Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.

Ата-аналарға арналған ұсыныстар мен кеңестер

МЕКТЕП - БАЛА ҮШІН ЖАҢА ӨМІР

       Қазіргі білім беру үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі -баланың мектепте оқуға дайындығы болып табылады.

      Баланы мектепке дайындау маңызды, мектеп өміріне бейімделуден өтпеу мүмкін емес, бірақ оны едәуір немесе жартылай болсын  жеңілдету- орындауға болатын міндет.


БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

•         Дене,

•         Адамгершілік,

•         Психологиялық,

•         Ақыл-ой.

ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

       СанПин 2.42.1178-02 келісілген  санитарлық-эпидемиологиялық «Білім беру мекемесінде оқу шарттарының  гигиеналық талаптары» ережесіне сай бірінші сыныпқа балалар өмірінің жеті немесе сегіз жасынан ата-анасының шешімімен, баланың мектепте оқуға дайындығы жөніндегі психолого-медико-педагогикалық комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.

      Мектепке қабылдаудың міндетті талабы- 1 қыркүйекке дейін баланың жасының 6,5 жастан кем болмауы  болып  табылады. 6,5 жасқа толмаған баланы оқыту мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жүзеге асырылады.

АДАМГЕРШІЛІК ДАЙЫНДЫҒЫ:

1)    мұғалімдермен қатынасын құра білу;

2)     сыныптастарымен тіл табыса білу;

3)     сыпайылық, ұстамдылық, тіл алушылық;

4)     өзін-өзі бағалауы

5)     өз іс-әрекетін, мінез-құлқын дұрыс ұстау және оқу тапсырмасын қабылдай білу, мұқият, үлкендердің сөзін бөлмей тыңдау.

6)    басқаның көзқарасын қабылдау,  өз-өзіне басқа қырынан қарау, сыныптастарын тыңдай білу, басқалардың сәтсіздіктерін адекватты түрде бақылау;

7)     ата-аналар тарапынан берілген көмек бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде болу керек.

Өз балаңыздың жетістіктерін басқа балаларға  қарап салыстырмаңыз. Баланы «баға» үшін оқытуға болмайды. Одан да тіпті кішкене жетістігі болса да, үнемі мақтап отыру керек.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ:

1)    Бұл баланың оқудың маңыздылығын, қажеттілігін нақты түсінуі; Жаңа білім алуға қызығушылық танытуы;

2)    Бұл мұғалімді тыңдай білуі және оның берген тапсырмаларын  орындай білуі;

3)    Үлкендермен, сыныптастарымен тіл табыса білуі (үлкендердің беделін сезінеді, қарым-қатынасқа жеңіл түседі,  кез келген  қиындықтан шыға білуге тырысады);

4)     бұл ойлаудың,зейіннің, естің дамуының  анықталған деңгейі.

МЕКТЕПТІК МАҢЫЗДЫ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ  ДАМУЫ:

•         Қолдың ұсақ қимыл-қозғалысының дамуы (қол жақсы дамыған, бала қарындашты , қайшыны сенімді ұстайды);

•         Кеңістіктегі  қозғалысты сезіну ( жоғары-төменді, алға-артқа, оңға-солды дұрыс анықтау);

•         Көз бен қолдың жүйесінің координациясы -  (бала көзбен алдындағы (мысалы,кітаптағы); графикалық бейнені, фигураларды, өрнектерді дәптерге дұрыс түсіру.

МЕКТЕПТІК МАҢЫЗДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫ:

•         Логикалық ойлауының дамуы (әртүрлі нәрселерді салыстыруда арасындағы айырмашылықты, ұқсастықтарды табу, белгілеріне қарап жалпылай алу);

•         Ырықты зейінінің дамуы (орындап отырған тапсырамаға 15-20 минут зейінін тұрақтандыру);

•         Ырықты есте сақтауының дамуы (есте сақтай білу:  есте сақталған материалды нақты символмен, сөзбен, немесе ситуациямен, суреттермен байланыстыру).

АҚЫЛ-ОЙ ДАЙЫНДЫҒЫ

•         Ең маңызды көрсеткіш — бұл сөйлеу мен ойлаудың дамуы.

•         Балаға «сондықтан да», «егер де», «себебі»  деген сөздерді пайдаланып, талдаулар, қорытындылар жасауға үйрету өте пайдалы.

•         Сұрақты дұрыс қоя білуге, жауабын тыңдай білуге үйретіңіз. Бұл өте пайдалы. Ойлау әрқашанда сұрақ қоюдан басталады. Ойлан деп жай айтқаннан баланың ойы іске аспайды.

•         Сөйлеу – оқу үрдісінің негізі болып табылады.   Ең маңыздысы монологиялық сөйлеудің дамуы. Бала үшін бұл әңгімелеп беру. Оқып болған соң балаға сұрақтар қойып талдатыңыз.

•         Негізгі назарды кеңістікті бағдарлай алуға аудару керек. Бала сөзінде ұғымдарды, сөз тіркестерін дұрыс қолданып, пайдалана ала ма: жоғары, төмен, артқа, төмен, жоғары, аралық, алдында., артында, алдынан,  от…, сзади артынан, жанында , алысырақ т.б.

Категория: Ата - аналарга

 

Қоңырау кестесі:

Автор: admin от 21-05-2016, 00:38, посмотрело: 861

0


Қоңырау кестесі:

І- ауысым

Сабақ

Басталуы

Аяқталуы

Үзіліс

1

9.00

9.45

5 минут

2

9.50

10.35

5 минут

3

10.45

11.25

15 минут

4

11.40

12.25

5 минут

5

12.30

13.15

5 минут

6

13.20

14.05

5 минут

         

         Сенім телефондары:

Құрметті балалар!

  Балалар мен жастарға арналған сенім телефон желісін енгізу қызметі тәулігіне 24-сағат әр балаға ашық, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға жедел құқықтық және психологиялық көмек көрсете алады.

Сенім телефондары: 

Жастармен балалар үшін Ұлттық сенім желісі:            150

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті:      74-25-28

Ақылыңа ақыл қос.

  Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез, сынаушысы – халық болсын.

Саққұлақ би.

Бұл дүние басқа бір әлемге өткел екені күмәнсіз. Өткел үсті кісіге сын, онда шын мәнінде бақытты адам жоқ.

 Адамдар зиялы және қараңғы болып екіге бөлінеді. Мақсат қараңғылардың санын азайту. Біздің ғылымүйрету деп аспандайтынымыз осы.

Виктор Гюго.

Білімсіздік – бір ымырт, оны жамандық кезіп жүреді. Көшені жарықтандыруды ойласаңыздар мархабат ең бастысы ақыл ойды ағартуды ойласаңыздар екен.

Виктор Гюго.

Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.

А . Байтұрсынов

Білмеген мін емес, білместікке көнген мін.

Ш. Мұртаза.

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.

М Әуезов.

 

Категория: окушыларга

 

Оқушылар арасында өткізілген аудандық, облыстық түрлі байқаулар мен сайыстардан жүлделі орын иеленген оқушылар:

Автор: admin от 21-05-2016, 00:34, посмотрело: 772

0

Оқушылардың аты-жөні

Сыны бы

Алған орны

Байқау түрі

Пән мұғалімі

1

Ботабек Жанерке

5 «Б»

І орын

Облыстық «Самұрық» матема-лық зияткерлік сайысы

Мыңбаева Бағила

2

Үкібай Анар

10 «Ә»

ІІ орын

«Мақтарал ханшайымы-2013» арулар байқауы

Мыржыбаева Роза

3

Юлдаш Мариям

11 «А»

ІІ орын

«Жарқын болашақ» атты аудандық олимпиада

Жамалова Фаридa

4

Үкібай Анар

10 «Ә»

Алғыс хат

«Жарқын болашақ» атты аудандық олимпиада

Мыржыбаева Роза

Категория: Жетістіктер

 
Назад Вперед
Téléchargeur de vidéos YouTube story saver Telecharger Video Instagram